16.04.2024, 0:00
Оқылды: 51

Бәйтерек ауданында КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенованың 95 жылдығына орай конференция өтті

Бәйтерек аудандық саз мектебі мен ОКЖ аудандық кітапханасы бірлесіп, «Ән көгінің бұлбұлы – Бибігүл Төлегенова» тақырыбында конференция өткізді.

IMG-20240415-WA0282

Қазақтың бұлбұл үнді, күміс көмей әншісі, КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенованың 95 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шарада баяндамалар оқып, әншінің өмірі мен өнерін бейнелейтін бейнероликтер көрсетілді.

Саз мектебінің директоры Ләззат Қажығалиева халық әртісінің орындауындағы «Бұлбұл» әнін орындаса, осы өнер ұясының жоғары санатты оқытушысы Наталья Швабенланд К.Дүйсекеевтің шығармасын фортепианода ойнап, қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.

IMG-20240415-WA0283

Аудандық кітапхана меңгерушісі Э.Абдрашитова әншінің өмір дерегінен қысқаша мәлімет берсе, кітапханашы Д.Насырова арнайы жасақталған көрмемен таныстырды. Аудандық кітапхана қорынан жасақталған кітап көрмесінде И.Серкебаеваның «Бибігүл Төлегенова: сүйіспеншілік, үміт және сенім», З.Кариевтің «Солнечный голос», Б.Құсанбектің «Бір сәт және бүкіл ғұмыр», «Тарихи тұлғалар» т.б. жинақтары қойылды. Сондай-ақ, мерзімді басылым беттерінде жарияланған әншінің өмірі мен өнері жөніндегі мақалалар таныстырылып, ауданға ән сапарымен келген кезінде аудан жастары мен кітапхана оқырмандарына жазып қалдырған қолтаңбасы мен ізгі тілегі де көрсетілді.

Эльнора Темірханқызы,

Бәйтерек аудандық кітапханасының меңгерушісі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале