3.10.2020, 13:20
Оқылды: 55

Бәйтерек ауданында сайлаушылардың белсенділігі жоғары

Биыл алғаш рет ұйымдастырылған "Nur Otan" партиясының партияішілік іріктеу праймеризіне партия мүшелері белсенді қатысуда.

IMG-20201003-WA0006

Бүгін Переметный ауылындағы №30 дауыс беру учаскесіне келген аудан әкімі, партияның Бәйтерек филиалының төрағасы Марат Тоқжанов, аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Исмағұлов, әкім орынбасарлары мен мәслихат депутаттары, партия ардагерлері мен белсенді жастар дауыс берді.

Есеп комиссиясының мәліметі бойынша, қазірдің өзінде партия мүшелерінің 94 пайыздан астамы өз таңдауын жасаған.

- Тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орта Азияда алғаш рет өткізілген онлайн дауыс беру бірінші қазан күні басталды. Ал бүгін ауданымыз бойынша 17 дауыс беру учаскесі ашылды. Олар таңғы 08:00-ден 14:00-ге дейін жұмыс жасайтын болады. Дауыс берудің аяқталу мерзімі өзгертіліп, ертеңге ұзартылды. Сайлаушылар белсенділігі жақсы, - дейді «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілекбай Төлепқалиев. IMG-20201003-WA0007

Сондай-ақ дауыс беру рәсімінде партия ардагері Николай Анцепрович пен праймериз қатысушысы Ұлданай Сейтқалиева пікір білдірді.

IMG-20201003-WA0009

IMG-20201003-WA0008

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале