16.10.2021, 17:12
Оқылды: 63

Бәйтерек ауданында ұлттық ойын түрлерінен аудан біріншілігі өтті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетілген міндеттерді іске асыру мақсатында Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық және аудан әкімдігінің қолдауымен «Қазақ күресі», «Қой көтеру», «Арқан тартыс» сияқты ұлттық ойындардан аудан біріншілігі өтті.

D918C72F-CF0D-4F7D-ACC6-212737BF79A6
Қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасы мен ұлттық спорт түрлерін дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру ісін ұлт спортынан бастауға шақыру мақсатында оздырылған бәсекеге тоғыз округтің палуандары қатысты.

Ұлт спорты кенже қалып, енді аяққа тұра бастаған ауданда бұрын соңды бұндай көлемде өтпеген шараға «Агросервисбатыс» ЖШС басшысы Армат Бисенов пен «Сүндетов» ШҚ жетекшісі Есен Сүндетов демеушілік көрсетті.

«Ұлттық спорт – ұлт қуаты» атауы берілген дода күні кеше ашылған "Алтын орда" этно-мәдени кешенінде өтті. Оны тамашалауға арнайы келген аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр ел мерейін асырып, халық рухын көтерген осындай сайыс ұйымдастырушыларына ризашылығын білдірсе, спорт ардагері Жолдығали Аяшев ұлт спорты ұлықталған шараның құрметті қонағы етіп шақырған аудан басшылығы мен шара ұйымдастырушыларына ақ батасын берді.

EB7DC3DB-2F02-492B-95AB-0E46853E33A8

Алдымен ойын алаңына қазақ күресінің шеберлері шықты. Топ күрес, яғни командалық сайысқа түскен апайтөстер айқасының қорытындысында егіндібұлақтықтар үшінші, Көшім палуандары екінші орын иеленсе, дариян ауылынан келген шеберлер жеңімпаз атанды.

Одан бөлек арқан тартушылар сайысы да көпшілік көңілінен шықты. Білекті де епті жігіттер жарысында үшінші орын Егіндібұлақ жігіттеріне, екінші орын Достық ауылына, ал бірінші орын Краснов ауылының командасына бұйырды.

61A4BEF1-C44A-4BC9-99BB-ED0A647961E9

Ал қой көтерген толағайлар бәсекесінде Көшім ауылдық округіне қарасты Өркен елді мекенінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін Жанат Аманғалиевке тең келер жан болмады. Осы кезге дейін түрлі додада 4 қой қанжылаған өркендік ұстаз бесінші жандығын жеңіп алды.

F4B7B226-0F0A-4C04-9413-675B26422BBE

64BFC136-41AD-4BE9-B21A-18A4C0F64760
29C3929D-4F27-45BD-9CD2-32FEAB3D7D26
Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале