7.10.2023, 15:57
Оқылды: 46

Бәйтерек ауданында ұстаздар жарысты

"Бәйтерек" спорт клубы мен Бәйтерек аудандық білім бөлімі мұғалімдер арасында волейбол турнирін ұйымдастырды. 

IMG-20231007-WA0020

Волейбол ойынына деген қызығушылықты арттырып, мұғалімдер арасындағы өзара достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында өткен жарысқа аудан ұстаздарынан құралған 17 команда қатысты.

Қызықты ойын қорытындысында III орын Щапов мектебіне, ІІ орын Қасым Аманжолов атындағы мектеп командасына бұйырса, І орынды Үлкен Шаған ауыл мектебінің ұстаздары жеңіп алды.

Жарыс барысында командасын алға сүйреп, үздік ойын көрсеткен Жадыра Аронова "Үздік қорғаушы", Алпамыс Сабырғалиев "Үздік байланыстырушы", Рысбек Тойдыбаев "Үздік шабуылшы", Жаннат Сүйінбаева турнирдің "Үздік ойыншысы" атанды.

IMG-20231007-WA0021

Жеңімпаз бен жүлдегерлер бағалы сыйлық, медаль, грамоталармен маратталды.

Серік Хайруллин, 

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале