1.02.2024, 16:30
Оқылды: 48

Бәйтерек ауданында жаңа бөбекжай ашылды

Бәйтерек ауданы Щапов ауылында «Мозайка» балабақшасы бой көтерді. Жеке балабақша ашып, игілікті істі жүзеге асырған – «Гульнафис» ЖШС құралтайшысы Алиса Аткеева.

69eb98ae-b3b1-472e-ae08-59255e22b748

Жеке балабақша 50 бүлдіршінге шақталған. Нысан заманауи құрал-жабдықтармен қамтылып, балдырғандардың дамуына бар жағдай қарастырылған. Жаңа балабақшаның ашылу салтанатына аудан әкімі Марат Тоқжанов қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті.

5681be22-05f0-40fc-bb37-ef5ee44dd84f

- Бүгінде елімізде мектепке дейінгі ұйымдардың ғимаратын кәсіпкерлер салуда. Сондықтан мемлекет тарапынан бизнес иелеріне үлкен сенім мен жауапкершілік жүктеліп отыр.  Сондай талап үдесінен шыға білген Алиса Ерланқызына алғысымызды білдіреміз. Ендігі міндет, осы балабақшада тәлім-тәрбие алған бүлдіршіндер мектепке сақадай сай болуы, - деген Марат Лұқпанұлы естелік сыйлық табыстады.

db046505-7570-42c3-8d7f-bcb322cc4d1f

Соңғы үлгіде жабдықталған ғимараттың бөлмелері кең, жылы, жарық әрі жайлы. Елу орындық балабақшада үш топ жұмыс істейді. Мұнда балалар 1,5 жастан бастап қабылданады. Күні бүгін 2 топта 26 бүлдіршін тәрбиеленуде. Бөбектерді тәрбиелеуге 9 педагог (бір әдіскер, төрт тәрбиеші, бір ағылшын тілі, бір дене шынықтыру, бір музыка пәні мұғалімдері және бір дефектолог) жауапты. Сондай-ақ үш тәрбиешінің көмекшісі, бір медбике және бір аспаз жұмыспен қамтылып отыр.

байтерек жп щапов (6)

 

Гүлжаз Қалесқызы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале