Переметный орта мектебі мәслихат депутаттарымен тығыз байланыста. «Мектепке жол» акциясы және өзге де мектепішілік іс-шаралардан жергілікті халық қалаулылары сырт қалып жатқан жоқ. Жастардың арасындағы бастамаларды қолдап жүреді. Сондықтан мәслихат депутаттары сайлауына барып, дауыс берудің маңызы зор.

Бұл туралы өзінің азаматтық ұстанымын білдіріп, сайлауға қатысқан Бәйтеректегі жас ұстаз Диас Ақжан мәлімдеді. Переметный ауылдық округының тумасы болып табылатын ол 2022 жылдан бері аталмыш білім ұясында әлеуметтік педагог болып еңбек етіп келе жатыр.
– Мектебіміздің ұжымы түрлі қоғамдық маңызы бар саяси, мәдени іс-шаралардан қалмауға тырысады. Осы жолы да әріптестеріміз өз таңдауларын жасады. Соның ішінде замандастарымның, яғни жастардың белсенділінің жоғары екендігін айта кеткім келеді. Жалпы жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуы – ел болашағына деген жауапкершіліктің маңызды көрсеткіші, - дейді ол.
Сәкен Мұратұлы,
Бәйтерек ауданы