4.11.2020, 12:05
Оқылды: 69

Бәйтерек ауданының орталығында мурал салынды

2017 жылы Бәйтерек ауданы орталығында жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен «Ана мен бала» демалыс саябағы ашылған болатын. Жайық өңіріне танымал халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары Қазақстан Суретшілер Одағының мүшелері Бақтығали Оразовтың «Дәуір ағашы», Қайыр Оразғалидың «Бала», жерлес мүсінші Ерғали Бекешевтің «Ана», «Нар қобыз» туындылары қойылып, ортасына субұрқақ орналтылған саябақ переметныйлықтардың сүйікті демалыс орны ғана емес, аудан орталығының ең көрікті жеріне айналып үлгерді.

IMG_2561

Енді міне, саябақ қасындағы үш қабатты үй қабырғасына әдемі мурал салынып, саябақтың сәнін кіргізді. Ені 10, биіктігі 7 метр болатын «Болашағың өз қолыңда» атты муралда қолына баласын ұстаған ана бейнеленген. Ал бұрышына һәкім Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге!» деген қанатты сөзі жазылған.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

  zhaikpress.kz

IMG_2566

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале