27.11.2020, 14:56
Оқылды: 78

Бәйтеректе қар тазалау жұмысы ойдағыдай жүруде

Күні кеше жауған қар ерекше қалың түсті. Бәйтерек аудандық тұрғын үй комуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі соңғы күндері негізгі күшті қар тазалау жұмыстарына жұмылдырды. Негізінен әр округ пен аудан орталығындағы негізгі көшелер бойы, жаяу жүргіншілер жолы және аялдамалар тазартылды.

 5f8352a1f8342642f233baaa67be8791_1503426239_1000_666

Аудандық тұрғын үй комуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Радим Рахметовтың айтуынша, ауылдық округ әкімдерінің сұрауы бойынша ең алдымен Переметный, Мичурин, Асан ауылдарына арнайы техникалар жіберіліп, қар тазартылған. Ал қалған округтердегі тазалау жұмыстары әлі жүруде екен.

- Қыс келді. Енді қар аршу жұмыстарын бірінші кезекке қоямыз. Әзірге биылғы алғашқы қар айтарлықтай мәселе туындатқан жоқ. Жол тазалау жұмыстары жоспарлы түрде орындалды. Барлық округтермен байланыс жақсы, автожолдар уақытылы тазартылатын болады, - дейді Р.Рахметов.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале