4.10.2021, 17:04
Оқылды: 66

Бәйтерек жастары ардагерлерге құрмет көрсетті

«Қарты бар елдің қазынасы бар» дегендей қарияларды ардақтау - бізге басты міндет. Бәйтерек ауданы жастары қайырымдылық айлығы аясында көптеген ізгі істерді қолға алды. Атап айтар болсақ, егіндібұлақтық жастар Халықаралық қариялар күніне орай «Жан жылуын сыйлаймыз» атты акция өткізіп, ауыл ардагерлеріне ақжарма тілектер жазылған ашықхаттар мен көңіл қуантарлық сыйлықтар тарту етті.

54031F7A-E85B-4F7D-AA1D-75A3AE40FCC7

Бұл бастамадан Дариян ауылдық округінің жастары мен волонтерлері де қалыс қалған жоқ. Олар «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында ауылдағы қариялар мен кейуаналарды мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті.

B108F731-1B62-4657-8400-C63836D67F80

-Атқарылып жатқан игі істерден аудан жастарының белсенділігі көрінеді. Аудан қарияларын тек бір күнде ғана емес жыл бойына құрметтейтін боламыз. Алда әлі талай жұмыс атқарылады. Барлық 22 округтің белсенді жастары бас біріктіріп, талай көңіл сүйінерліктей шараларды ұйымдастыратын болады,- дейді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Жанар Губашева.

Назерке Сыйлыбаева,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале