5.11.2020, 17:22
Оқылды: 84

Бәйтеректе 86 шақырым жол жөнделген

Биыл Бәйтерек ауданы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында мемлекеттік «Еңбекпен қамту», «Ауыл - ел бесігі» бағдарламалары бойынша жолдарға күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. 19026520-ECAF-4385-8DAE-59FD8E1FEA82

2020 жылдың мамыр айында басталған жөндеу жұмыстары жартылай аяқталып, әкімшілік негізгі жолдарды халық игілігіне пайдалануға берді.

Бәйтерек аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Радим Рахметовтың айтуынша, аудан аумағында 86 шақырымнан астам жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстарынан жүргізілген. Сонымен қатар аудан орталығында - 15, Дариян ауылдық округінде 4.8 шақырым ауылішілік жол салыныпты.  

E74119B1-21E1-445C-9272-17F6D9D2E62F

-Переметный аумағында жөндеу жұмыстары туған айда толық аяқталып, қабылданар күн жақын. Ал Белес, Достық, Егіндібұлақ сынды ауылдық округтеріне апарар жолдардың жөндеу жұмысын жауапты медігерлер жоспарланған мерзімінен бұрын аяқтап, тапсырды.

Бұнымен қоса Переметный ауылында 7,5 шақырым су құбыры салынып, Новенький, Щапов, Көшім, Достық ауылдық округтерінің кәріз жүйесін жөндеу жұмыстарына дайындау басталды,- дейді Р.Рахметов.

B66CBF78-4083-4A73-A269-856D8C2A1EB8

Радим Кадимұлы биыл жасалуы керек деп жоспарланған 13 жоба толық жүзеге асқанын айтады. Ал келер жылы Дариян, Переметный, Чиров, Егіндібұлақ, Көшім, Погодаев сияқты ауылдардың ішкі жолдарын жөндеу жұмыстарын бастау қаралуда.

Аружан Болатбекқызы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале