14.05.2021, 14:37
Оқылды: 21

Бәйтеректе Айт мерекесіне арналған турнир өтті

Бәйтерек ауданына қарасты Жалын ауылында қасиетті Ораза айт мерекесіне орай футболдан жолдастық турнир өтті. Оған Новенький, Чувашка, Жалын ауылдарының командалары қатысты.

 Screenshot_20210514_135102

Ауыл жастарының спортқа, соның ішінде футбол ойынына деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткен бәсеке қызыққа толы болды. Жасыл алаң айқасын тамашалай келген көрермендер де қиқуға қиқу қосып, сүйікті командаларын алға сүйреді.

Тартысты ойын қорытындысында ұлық мереке турнирінің бас жүлдесін чувашкалық ойыншылар қанжығасына байласа, Новенький командасы екінші, Жалын ауылының ойыншылары үшінші орынды иеленді.

Screenshot_20210514_135221

Жеңімпаз-жүлдегерлерге ауыспалы кубок пен мақтау қағаздары табысталды. Ал командасын алға сүйреп, үздік ойын көрсеткен Ильяс Ісбатыр мен Нұрлан Сатанов «Үздік шабуышы» атанса, Мерей Қазиев «Үздік қорғаушы», Мирлан Жауырбек «Үздік қақпашы» атанды.

Болашақта ауыл жастары бұндай жолдастық турнирлерді жиі өткізуді қолға алмақ.

 

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале