29.12.2020, 9:57
Оқылды: 24

Бәйтеректе акцияға мемлекеттік қызметшілер де үлес қосты

Бәйтерек ауданының мемлекеттік қызметшілері облыс әкімі Ғ.Есқалиевтің бастамасын қолдап, "Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің"акциясына атсалысуда. Олар өз жалақыларынан көпбалалы және аз қамтылған отбасылар үшін мерекелік азық-түлік жиынтықтарын сатып алуға ақша аударды.

dc24d1fa-87c0-4c00-aa28-df76fd09c3c2

Барлығы 1 200 000 теңге жиналды. Бұл қаражатқа азық-түлік сатып алынып, ауданның жүз отбасына жаңа жылдық сыйлықтар алынды. Сыйлық жиынтығына балаларға арналған тәттілер мен жемістерден бөлек ұн, күнбағыс майы және сары май, сүт, қант және басқа да өнімдер кірді. Жалпы сыйлықтың салмағы он бес келіден асады.

Мемлекеттік қызметшілерден басқа акцияға ауданның бюджеттік сала қызметкерлері, кәсіпкерлер мен меценаттар қатысып, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға өз сыйлықтарын ұсынды.

Николай Берендяев,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале