26.08.2021, 10:50
Оқылды: 41

Бәйтеректе ақпараттық сағат ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне орай Бәйтерек аудандық орталық балалар кітапханасы «Ең негізгі құқық көзі – Ата Заң» атты ақпараттық сағат ұйымдастырды. Аудан орталығындағы «Street workout» алаңында өткізілген шара ойын балаларының қызығушылығын тудырды.

 ата заң биб (1)

Шара барысында Ата Заңның бөлімдеріне тоқталған кітапханашылар II бөлім яғни «Адам және азамат» және Конституцияның 27-бабындағы балаларға қамқорлық жасау, тәрбиелеу, ата-ананың құқығы әрі парызы туралы толық түсініктеме беріп өтті.

Сондай-ақ ашық аспан астындағы кездесу барысында кітапхана қызметкері Аягүл Козинова ақпараттық-викториналық сұрақтар қойып, тәрбиелік шараның сәнін кіргізді.

Ойын барысында Динара Нұртас, Гүлбибі Марат сынды бүлдіршіндер белсенділік танытты.

Шара соңында «Арқа сүйер – Ата Заң» атты кітап көрмесі таныстырылып, кітаптар ұсынылды.

- Қоғамның бүгіні мен болашағы үшін Қазақстан Республикасының Ата Заңын құрметтеп, қадір тұтатын балалар өсіп келе жатқаны байқалды. Еліміздегі басқа да мерекелік даталарға орай көптеген қызықты шаралар жоспарлап отырмыз, - дейді орталық балалар кітапханасының меңгерушісі Зәуреш Шайдоллақызы.

 

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале