4.11.2021, 17:50
Оқылды: 80

Бәйтеректе баскетболдан аудандық ашық турнир өтті

Бәйтерек ауданы орталығындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған  қыздар арасында баскетболдан аудандық ашық турнир өтті.

68

Жарыс бұқаралық спортты дамытып, мектеп оқушыларын салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және баскетбол ойынына деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында оздырылды. Оған 2006-2007 жылғы қыздардан құралған аудан мектептерінің командалары мен көршілес Тасқала ауданынан келген ұжымдар қатысты.

69

Турнир барсында, командалар жоғары дайындықпен келгендерін көрсетіп, көрермен көңілінен шығар әдемі ойын өрнегін ұсынды.

67

Қорытындысында Макаров мектебінің командасы үшінші орынға ие болса, жергілікті переметныйлық баскетболшылар екінші, Тасқала аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебі құрамасы бірінші орынды иеленді. Сонымен қатар белсенділігімен көзге түсіп, шебер ойын өрнегін көрсеткен Гүлім Оразгалиева «Үздік ойыншы»,  Диляра Утешева «Үздік қорғаушы», Екатерина Королькова «Үздік шабуылшы» аталымдарына ие болды.

75

Баскетболшы қыздар бәсекесіне келген Бәйтерек аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр, спортшыларға ыстық ықыласын жеткізіп, жас болса да жақсы ойын өрнегін көрсете білген нәзік жанды спортшылар болашақта ел мерейін асыратын баскетболшы атансын деген тілегін білдірді.

74

Жарыс жеңімпаздарына мадақтамалар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Турнир соңында Тасқалалық меймандар өздерінің бұйымтайын Переметный мектебі командасына сыйға тартты.

Назерке Сыйлыбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале