29.10.2021, 17:31
Оқылды: 79

Бәйтеректе білім бәйгесі өтті

Жақында, аудан орталығында Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған  «Туған елің-Қазақстанды жақсы білесің бе?» атты республикалық балалар оқулары байқауының аудандық кезеңі өтті.

69

Мектеп оқушыларының кітап оқуға деген құштарлығын қалыптастырып, еліміздің тарихы, географиясы, мәдениеті мен дәстүрін дәріптеу және еліне деген мақтаныш сезімін арттырып, «Рухани жағыру» бағдарламасының идеяларын жас ұрпақ бойына сіңіру мақсатында оздырылған байқауға ауданға қарасты мектептердің 5-7 сынып оқушылары қатысты.

68

Байқау қорытындысында, Қасым Аманжолов атындағы мектеп оқушылары көш бастаса, Қасым Қайсенов пен  Ш.Уалиханов атындағы мектеп оқушылары екінші, Мичурин мектебінің оқушылары үздік үштікті түйіндеді. Жүлдегерлерге арнайы мадақтамалар мен естелік сыйлықтар тарту етілді.

Жарыс жеңімпаздары облыстық байқауға жолдама алды. Енді олар білімдерін он екі ауданнан келген білгірлермен сынамақ.

Назерке Сыйлыбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале