10.02.2021, 20:18
Оқылды: 40

Бәйтеректе білім ошақтарын жөндеу ісі жалғасады

Аудан әкімі өз баяндамасында білім беру саласына да үлкен көңіл бөлінетіндігін айтты. Пандемия кесірінен аудандағы 46 мектептің 20-сы қашықтан, қалғаны штаттық кестеде оқытылуда. Онлайн оқитын мектептерге 1000 ноутбук, 140 планшет, 120 компьютер таратылғанын да Марат Лұқпанұлы атап өтті.

b8f92d84-a367-4958-96ef-a7f3d98c9f53

Өткен жылы Зеленый, Батурин, Камен мектептерінде күрделі жөндеу аяқталса, Дариян мектебін жөндеу, Батурин мектебіне қосымша құрылыс нысанын салу жалғасуда. Рубежин, Январцев, Белес, Егіндібұлақ, Чувашка, Раздольный, Новенький мектептерін күрделі жөндеуге қажетті жобалық-сметалық құжаттама жасақталып жатқанын да аудан басшысы атап өтті.

- Ұзақ жылдар бойы шешімін таппай келген Жамбыл ауылына мектеп салу мәселесі шешілуде. Алайда Достық, Щапов ауылдарындағы мектеп ғимараттары апатты жағдайдың алдында тұр, ешқандай талапқа сай келмейді. Щапов мектебінің жобалық-сметалық құжаты ақпан айында, Достық мектебінің құжаты наурыз айында  дайын болады. Қаражат бөлінетін болса, аталған ауылдарда жаңа мектеп құрылысы басталады, - деді М.Тоқжанов.

Ауданда дәрігер тапшылығы сезіледі

Аудан басшысы жиын барысында денсаулық сақтау жүйесіндегі бірқатар мәселеге тоқталды. Қазіргі таңда ауданның денсаулық сақтау жүйесіне 2 аудандық аурухана, 10 дәрігерлік амбулатория, 6 фельдшерлік-акушерлік, 36 медициналық пункт кіреді. Ол жерлерде 77 дәрігер және 334 орта медициналық қызметкер жұмыс істеуде.

2020 жылы ауданға 8 дәрігер келген. Қазіргі таңда оның ішінде 4-і тұрғын үй алған.

Ауруханаларымызға үш жалпы тәжірибе дәрігері, екі онколог, фелдьшер, медбике, бір дерматовенеролог қажет. Пандемия кезінде жергілікті демеушілер аудандық ауруханаға 17,2 млн. теңге көлемінде қаржы беріп, оттегі концентраторлары мен өзге де қажетті қорғаныш құралдарын алып берген.

Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале