7.04.2021, 16:37
Оқылды: 28

Бәйтеректе бір аптада 46 адам вирус жұқтырған

Бәйтерек ауданында эпидимиологиялық ахуал күрделеніп барады. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау басқармасынан алынған жаңартылған статистикаға сүйенер болсақ, ауру жұқтырғандардың саны әлі де азаймай отыр. Алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда бір аптада тағы 46 адам вирус жұқтырған. Қазіргі таңда ауруға шалдыққан 158 адам бар. Олардың 104-і – симтомды, 54-і – симптомсыз.

 лллл

- Вирус жұқтырған науқастардың 34-і ауруханаларға жатқызылды. 124 науқас үй карантинінде. Індет ауданымызда карантин ережелерін дұрыс сақтамағаннан таралып отыр. Ауруға шалдығып жатқандардың басым бөлігі – бір отбасы мүшелері. Жағдайдың алдын алу мақсатында өзіміздің және өзгенің өміріне жауапкершілікпен қарап, карантин ережелерін мұқият сақтау керек, - дейді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау басқармасының басшысы Аят Умбеталиев.

 

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress

Сурет Liter.kz сайтынан алынды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале