25.03.2021, 11:20
Оқылды: 50

Бәйтеректе бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Жуырда Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

 Жәрменке (1)

«Жастарға жұмыс» атты шара «Zoom» платформасындағы арнайы конференция мен @baiterekzhastarylife инстаграм парақшасында тікелей эфирде өтті.

Жәрмеңкеде аудандық жұмыспен қамту орталығының бас маманы Жанар Нигметова мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Әсел Қартқожақова конференция мен тікелей эфир арқылы желі пайдаланушы жастарды «Жастар тәжірибесі», «Дипломмен ауылға» бағдарламалары бойынша толық ақпараттандырып, жолданған сауалдарға жауап берді.

Жәрменке2 (1)

- Аталмыш жәрмеңке жастардың жұмыс табу мүмкіндіктерін кеңейту, екі қолға бір күрек таппай жүргендерді жұмысқа орналастыру, оларды мемлекеттік бадарламалар, халықаралық және мемлекеттік білім беру бағдарламалары туралы ақпараттандыру мақсатын көздеді. Сонымен қатар бұл жәрмеңкеде әр жастың өзіне лайықты жұмыс табуы мен кәсіп ашу, жеке қабілеттерін дамыту мүмкіндіктеріне ие болуы жайы да талқыланды, - дейді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Жанар Губашева.

Жәрменке1

«Жастар тәжірибесі», «Дипломмен ауылға» бағдарламалары шеңберінде ақпаратты жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының @baiterekzhastarylife ресми парақшасынан табуға болады.

 

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале