6.12.2021, 9:20
Оқылды: 57

Бәйтеректе достық фестивалі өтті

Бәйтерек ауданы орталығындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Рухы биік ел – Қазақстан!» атты достық фестивалі өтті.

IMG_20211205_100932_307

Жаһандану дәуірінде жұтылып кетпей, ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, елімізді мекен еткен ұлыстардың өнері мен дәстүрін дәріптеу арқылы мемлекеттегі достық қарым-қатынасты күшейтіп, бірлігімізді нығайту мақсатында ұйымдастырылған мерекелік кеште аудан өнерпаздары мен халық шығармашылығы ұжымдары қатысты.

IMG_20211205_100932_355

Фестиваль шымылдығы «Дарьюшканың» мың бұралған бишілері  орындауындағы қазақ биімен ашылып, «Родничок» балалар фольклорлық ансамблінің орындауындағы керемет қойылыммен жалғасты. Кеш барысында «Сябры» белорус, «Веснянка» мен «Риченька» украин, «Калинушка» орыс, «Шатлық» татар халық шығармашылық ұжымдары көрермен көңілінен шығар өнерлерін ұсынды. Одан бөлек әннен шашу шашқан «Радуга» вокалды ұжымы мен Аянат Имангалиеваның да өнері көрермен қауымның ыстық ықыластарына ие болды.

Кейін сахнаған шыққан «Достық-Дружба» халықтық ансамблі халық әндерінен попурри орындап, жиналған ағайынның ыстық ықыласына бөленді.

IMG_20211205_100932_424
Ел бірлігін әнге қосқан фестивальді тамашалауға арнайы келген аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев жерлестерін мерекемен құттықтап, шара ұйымдастырушылары мен өнер ұжымдарына жылы лебізін білдірді. Сөз арасында Ерікқали Ғұмарұлы елдегі ынтымақтың маңызына тоқталып, бірлігі бекем елдің ұл-қызы бақытты, тәуелсіздігі мәңгі болатынын баса айтты.

Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары аудандағы мәдени көпшілік шараларға белсене араласып, ынтымақтың нығаюына өз үлесін қосқан жандарға арнайы алғысхаттар табыс етті.

Назерке Сыйлыбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале