7.04.2021, 10:15
Оқылды: 81

Бәйтеректе досын пышақтап кеткен

Бәйтерек ауданына қарасты Мичурин ауылдық округінде оқыс оқиға орын алды. Ауыл тұрғындары К. есімді азаматша мен П. есімді ер адамның арасында жанжал туындап, нәтижесінде К. ер адамды 3 мәрте пышақпен жарақаттаған.

 РОВД

Оқиғадан кейін әйел адам ұйқыға кеткен. Ал жәбірленуші өз бетінше көмек шақырып,  жедел түрде қалалық ауруханаға жеткізілген. Аурухана дәрігерлері жәбірленушінің жарақаты ауыр екенін айтады. Приурал полиция бөліміне жеткізілген К. есімді азаматша қылмысын мойындап, әрекетін мас болғандығымен және досына қатты ашуланғаннан жасағанын айтқан.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

- Құқықбұзушылар арасында алкогольді ішімдіктерді қолданып, жағдайдың маңыздылығын бей-жай қабылдау нәтижесінде кішігірім қақтығыстар қылмыстық құқықбұзушылықтарға әкеліп соғады. Көп жағдайда қылмыскерлер сотталушылар орындығына түседі. Көбі өз ісін масаң күйі мен есін дұрыс білмегендігімен түсіндіреді. Алайда, алкогольді, есірткі немесе басқа да есеңгірететін заттарды қолданудан туындаған қылмыс ешкімді жауапкершіліктен босатпайды, - дейді аудандық полиция бөлімі қызметкерлері.

 

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале