27.11.2019, 15:26
Оқылды: 68

Бәйтеректе «Ерлік сағаттары» басталды

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына дайындық жұмыстары Бәйтерек ауданында басталып кетті.

 baiterek (3)

Нақтырақ айтсақ, жауынгерлер рухына тағзым ету, ерлікті дәріптеу, кейінгі жылдары анықталған тарихи деректерді жинау мақсатында оқушыларға "Ерлік сағаттарын" ұйымдастыру қолға алынды.

Осындай шара Новенький, Достық, Январцев мектептерінде ерекше қызығушылықпен өтті. Ерлік сағатының бас лекторы – өлкетанушы, «Жаралы жылдар жаңғырығы» кітабының авторы, БҚО тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының инспекторы Ахмедияр Батырханов.

baiterek (1)

Ол тарихи-мәдени мұраларға құрметпен қарау, Жеңіс тарихын жаңаша зерделеу, ресми сайттар мен мұрағаттарда ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру жайын әсерлі баяндады. Отан соғысы кезінде қазақтан шыққан ұшқыштар мен мергендер, кеудесімен дзот жапқан қазақстандықтар және партизандар туралы нақты деректерді алға тартып, тың мәліметтермен бөлісті.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Тоғызбайұлы бұл кездесулердің мән-маңызы ерекше болғанын, алда да үлкен жоспарлы жұмыстар тұрғандығын айтты.

Ертай Бимұханов

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале