12.04.2021, 12:53
Оқылды: 273

Бәйтеректе Ғарышкерлер күніне орай кітап көрмесі өтті

Халықаралық авиация және ғарышкерлер күніне орай Бәйтерек мәдени-ағарту және тынығу орталығының ұйымдастыруымен «Ғарыш - ғылымның даму жолы» кітап көрмесі өтті.

8108565D-E61C-4279-9674-730D54C0C0D7

Ғарышкерлер мерекесіне орай аудандық кітапхана қорынан жасақталған көрме онлайн режимде өтуде. Ол жерде оқырман назарына ғарыш кеңістігі мен космонавттар туралы материалдар мен қызықты деректер көрермен назарына ұсынылды.

C5FC5819-C17B-495C-965D-A3A01D43075E

-Көрмеге космос әлеміне алғаш рет жол салған космонавт Юрий Гагарин және басқа да халықаралық экипаждар туралы көптеген қызықты материалдар, космосты зерттеу туралы ғылыми еңбектер, еліміздің ғарышкер-ұшқыштары, халық батырлары Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовтердің өмірі, қызметі және ғарышты бағындырудағы жасаған ерліктері туралы мәліметтер қойылды. Осы ретте оқырманға көрмеден аспан әлеміне сапар шеккен қаһармандар жайында көптеген тың мәлімет алуға мүмкіндік туды,- дейді аудандық кітапхана кітапханашысы Айдана Талғатқызы.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

   zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале