Бәйтерек ауданының орталығы Переметный ауылында гір спортынан жастар мен жасөспірімдер және ересектер арасында облыстық жекелей чемпионат өтті. Оған Ақжайық, Бөкей Орда, Бөрлі, Шыңғырлау, Жәнібек, Сырым, Бәйтерек ауданы спортшылары мен Орал қаласынан келген 120-ға жуық спортшы қатысты.
Чемпионаттың ашылу салтанатында БҚО гір спортынан және қол күресі федерациясының президенті Мұрат Ибатов, Бәйтерек ауданы мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр, Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Исатай Қарабаев, БҚО гір спортының негізін қалаушы Николой Коломолец, Бәйтерек ауданының спорт ардагері Максим Үмбетқалиев сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.
БҚО гір спортынан және қол күресі федерациясының президенті Мұрат Ибатовқа аталмыш спорт түрін дамытуға қосқан үлесі үшін Нұржан Тоғызбайұлы аудан әкімі атынан алғысхат табыстады.
Айта кетелік, турнирге қатысқан ең жас спортшы 7 жаста болса, ең үлкені 45 жаста болды. Жарыс қорытындысы бойынша сұлукөлдік Аида Жусова ІІІ, Еркеназ Мырзағалиева ІІ, Юлия Криуля ІІ, Балқадиша Ғалымжанова ІІ, Әйгерім Сариева ІІ, Нұрбақыт Есетова І, володарлық Роман Глухов ІІІ, Шахмардан Есен ІІ, дарияндық Максим Краевой І, Никита Гладков ІІ, Виктор Николаев І, Владислав Литвинов ІІ, Артем Тяпухин ІІ, Давид Бырко І, Данэль Суханбедин ІІІ, Виталий Бырко І, Милана Махновская І, Асылхан Үкібаев ІІ, Дмитрий Башуров ІІІ, Максим Чернов ІІ орын иеленіп, дипломдармен марапатталды.
Сәнім Берік,
Тасқала ауданы