15.11.2021, 16:15
Оқылды: 59

Бәйтеректе «Махаббат әуендері» шырқалды

Ғарифолла Құрманғалиев атындағы  Батыс Қазақстан облыстық филармониясының өнерпаздары Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық мәдениет үйінде «Махаббат әуендері» атты сазды кеш өткізді.

4600E26B-CE3A-4FFD-8ACF-211F66EFE1BA

Шараның шымылдығын ашқан ауылдық округ әкімі Тілек Кәкенов өнерпаздарға халқымыздың төл өнерін насихаттау мақсатында қызмет етіп жүргендері үшін алғысын айтып, шығармашылық ұжымға ризашылығын білдірді.

Кеш барысында  өнерпаздар түрлі жанрда әуелете ән шырқап, тамылжыта би билеп, халықты тамсандырды. Әсіресе сазы мен назы келіскен қоңыр дауысты әншілердің әуені тындарманның құлақ құрышын қандырды.

Сазды әуен мен жайдарлы көңіл-күй сыйлаған өнерпаздар көрермен бойына махаббат атты құнды қасиеттерді қайта тірілтіп, ән әлеміне сапар шеккізді.

Шара соңында ауылдық округ әкімі Тілек Кәкенов өнерпаздарға аудан әкімінің алғыс хатын табыс етті.

Сазды кеш жұртшылықты күнделікті күйбің тірліктен серпілтіп, әдемі әсерге бөледі.

Альбина Бәтенова,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале