2.02.2021, 14:34
Оқылды: 71

Бәйтеректе мониторингтік топ мүшелері түсіндірме жұмыстарын жүргізді

«COVID-19» індетінің беті қайтар емес. Бәйтерек ауданы әлі қызыл аймақта. Бүгінде санитарлық талаптарды қатаң сақтау маңызды. Осы жайтты аудан жұртына ауылдық округ әкімдіктері жанынан құрылған мониторингтік топ мүшелері түсіндіруде.

143633908_1798909803832755_6162473826959226312_n

Жуырда Егіндібұлақ ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері мен учаскелік полицейлер ауылдағы азық-түлік дүкендерін аралап, сақтық шараларына үлкен мән беру керектігін ескертті.

Сонымен қатар мұндай шараны Көшім ауылдық округінің мониторингтік топ мүшелері де жүргізді. Жалпы ауданның барлық ауылдарында мұндай шаралар өткізіліп келеді.

Трекин ауылдық округінің мониторингтік топ мүшелері де халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді мықтап қолға алған. Трекиндіктер ауылдық округке қарасты Жайық және Новенький ауылдарына да барып, халықты құлақтандырды.

143633761_1798909897166079_9027145318340154579_n

Бүгінде көп адамның сақтық шараларына мықтап көңіл бөлетіндігі байқалады. Дүкендер мен адам көп шоғырланатын орындардағы ағайын бетперде тағып жүреді. Ал дүкен ішінде қол жууға арналған антисептик күніге жаңартылып отырады екен. Бұл мәліметті жоғарыда аталған ауылдық округтердің мониторингтік топ мүшелері растап отыр.

Мұндай шаралар әлі де жалғасатын болады. Өйткені аурудан сақтанудың жалғыз жолы – санитарлық талаптарды мүлтіксіз орындау.

 

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале