26.05.2021, 16:02
Оқылды: 55

Бәйтеректе өткен отырыста маңызды мәселелер сөз болды

Бәйтерек ауданы әкімі жанындағы кеңестің кезекті отырысы өтті. Аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, бөлім және мекеме басшылары қатысқан жиында ауыл шаруашылық кооперативтерін құру және қысқы мал азығын дайындау, статистикалық есепттерді реттеу, бюджетті игеру, салық түсімдерін біріздендіру, тұрмыстық қалдықтардың көзін жою мен ауылдарды абаттандыру және көктемгі әскерге шақыру туралы мәселелер қаралды.

 IMG_1603

         Күн тәртібінде болған әр мәселе бойынша жауапты бөлім басшылары мен мамандар толық түсініктемелер беріп өтті. Әр мәселе жайында өздерін толғандырған сұрақтарын қойған округ әкімдері де көтерген сұрақтарына жауаптарын ала алды. Әсіресе қоқыс орындарын реттеу мен арнайы полигондардың айналасын тазарту туралы мәселелер көп талқыланды.

IMG_1599

Сондай-ақ салық түсімін біріздендіріп, әлі күнге дейін төленбеген салықтарды өтеу жайы да кеңінен талқыланды.

Жиын соңында кездесуге төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары Мұрат Залмұқанов барлық мәселе маңызды екенін айтып, тез арада шешу керектігін жеткізді.

 IMG_1602

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале