23.06.2024, 19:00
Оқылды: 81

Бәйтеректе полиция күні атап өтілді

Қазақстан полциясы күніне орай Бәйтерек аудандық «Шың» сазды-драма театры ғимаратында «Қорғаны мықты елдің болашағы кемел» атты салтанатты іс-шара өтті. Бұл күні қиындығы мен қызығы қатар жүретін жауапты мамандықты таңдаған жандарға құрмет көрсетіліп, міндетін мінсіз орындап жүрген тәртіп сақшыларының шені өсіп, қызметінде іскерлігімен көзге түскендері марапат төрінен табылды.

InShot_20240623_223409807

Аудан әкімі Марат Тоқжанов барша полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, Отанының адал ұлы, халқының қамқоршысы болып жүрген жандарға ақ жарма тілегін жеткізді.

- Ел тыныштығының, қоғамдық тәртіптің алдыңғы шебінде тұратын полиция қызметкерлері өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып келеді. Жұмыстың талабы жыл өткен сайын күрделене түсуде. Уақытпен санаспай, отбасы тірлігін, бала тәрбиесін жарларыңызға тапсырып, антқа адалдық таныту, мінсіз қызмет ету сіздердің бойларыңыздағы патриотизм мен азаматтықтың белгісі. Қылмыстың азаюы үшін күресіп, кадр тапшылығына төтеп беріп, нардың жүгін мойындарыңызға артқандай шыдамдылық пен еңбектеріңізге әрқашан табыс тілеймін! Мереке құтты болсын! - деді Марат Лұқпанұлы.

InShot_20240623_223503929

Ізгі лебіз кезегін жалғаған аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Төребек Маратов та әріптестерін айтулы күнмен құттықтады.

- Құрметті ішкі істер органдарының ардагерлері, тәртіп сақшылары, әріптестер! Баршаңызды ҚР Полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қызметте адал, алғыр, ел тыныштығы жолында қалтқысыз қызмет етейік! - деді ол.

InShot_20240623_223350288

Кейін салтанатты шара марапаттау рәсіміне ұласты. Тәртіп сақшылары Руслан Абдулов, Жұмабек Қыдырғали, Семжан Байсариев, Балхия Құсаинова, Фариза Қазиоллина, Тұрарбек Абдулов, Бибигүл Баяшева, Тілеген Шаграев, Миржан Сұлтанов, Бауыржан Қуатов, Айнұр Есетов аудан әкімінің алғысхатын иеленді.

InShot_20240623_223443181

Ішкі істер органдарының ардагері, запастағы майор Мұхамбетқали Сарсенбековке «Қоғамдық қауіпсіздік қызметіне – 105 жыл» төсбелгісі табысталды. Полиция ардагерлері Андрей Юсупов, Талғат Кантемиров, Юрий Дьяченко, Аманғали Артығалиев аудандық полиция бөлімінің басшысының алғысхатымен марапатталды.

InShot_20240623_223428245

Мұрат Сұлтанға БҚО полиция департаментінің бастығының шешімімен «полиция капитаны» шені берілді. Полиция қызметкерлері Айбар Сидеков, Аслан Ханалиев, Андрей Рыльских, Нұрлан Төлеуовке БҚО полиция департаменті басшысының алғысхаты табысталды.

InShot_20240623_223522676

Гүлім Орда,

Бәйтерек ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале