Оралда «Қазақстан барысының» облыстық кезеңі өтуде
7 Мамыр 2021

Оралда «Қазақстан барысының» облыстық кезеңі өтуде

Бүгінгінің батырлары сап түзеді
7 Мамыр 2021

Бүгінгінің батырлары сап түзеді

Депутат сыйы
7 Мамыр 2021

Депутат сыйы

Бәйтеректіктер Отан қорғаушылар күнін ерекше форматта мерекеледі
7 Мамыр 2021

Бәйтеректіктер Отан қорғаушылар күнін ерекше форматта мерекеледі

Мерекеде бөрліліктер баспаналы болды
7 Мамыр 2021

Мерекеде бөрліліктер баспаналы болды

Қырандай қырағы шекарашыларды құттықтады
7 Мамыр 2021

Қырандай қырағы шекарашыларды құттықтады

Бәйтеректе спортшылар марапатталды

Тамыз айының үшінші жексенбісі Спорт күні ретінде аталып өтілетіні белгілі. Осы айтулы күнге орай Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев спортшылар құрметіне ұйымдастырылған салтанатты шараға қатысып, түрлі жарыстарда аудан намысын қорғап жүрген спортшылар мен олардың бапкерлерін, спорт ардагерлерін мерекелерімен құттықтады.

34B9FCFF-B528-40C8-83D6-F0095CAD00D8

-Салауатты өмір салтын қалыптастыру мен спорттық дәстүрлерді сақтау жас ұрпақ денсаулығын нығайтып, оның ішкі-сыртқы тәрбиесін дамытуға ықпал етеді. Бүгінгі күні салауатты өмір елімізде жақсы бір үрдіске айналды. Чемпиондарымыз да өз өнегелері арқылы дене шынықтыруға деген көпшілік қызығушылығын оятуда. Сондай-ақ жылдан-жылға спортшылардың жетістіктері мен жеңістері де көбейіп келеді.

661A5265-9212-4C91-9D12-5D176571E2F0

Бүгінде аудан саңлақтары облыстық, республикалық қана емес, халықаралық деңгейде де мақтанарлық нәтижелерге қол жеткізуде. Толағай табыстарда жаттықтырушылардың маңдай терлері мен табанды еңбегінің қолтаңбасы жатқандығын айта кетуіміз керек. Келешекте біздің спортшылар жаңа белестерді бағындырып, бұқаралық спорт жерлестеріміздің күнделікті өмір салтына айналарына сенімім мол.

Барша спортшылар мен бапкерлерді, спорт ардагерлерін аудан әкімі атынан келіп жеткен мерекесімен құттықтай отырып, өмірлеріңіз жеңісті сәттерге толы, ел үмітін ақтайтын шәкірттеріңіз көп болсын деген тілегімді білдіремін,-деді аудан әкімінің орынбасары Е.Бисақаев.

Кейін Ерікқали Ғұмарұлы аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорттық каратэ бапкері Фархад Жалмурзин мен самбо бапкері Наурызбек Сәпиевті облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияровтың алғысхатымен марапаттады. Сондай-ақ шара барысында дене шынықтыру және спортты дамытуға еңбек сіңірген бір топ азаматтар мен бапкерлер және спорт ардагерлеріне аудан әкімі Марат Тоқжановтың атынан алғысхаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

-Он жасымнан бері самбо күресімен шұғылданып келемін. Осы кезге дейін біраз жетістікке де жеттім. Аудан басшылығы мен спортты дамытуға жауапты мамандар қашан да қолдауын көрсетіп, елеп жатады. Алдағы уақытта елдің үмітіп ақтап, биік белестерді бағындыруға күш салатын боламын,- дейді аудан әкімінің алғысхатына ие болған самбошы қыз Эльнара Биғалиева.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz