Серік Саудабаев «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды
25 Қыркүйек 2021

Серік Саудабаев «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды

Қазақстандық параспортшылар Еуропа чемпионатынан 4 медаль жеңіп алды
25 Қыркүйек 2021

Қазақстандық параспортшылар Еуропа чемпионатынан 4 медаль жеңіп алды

Соғыс кезінде жоғалған адамдарды іздеу: Қазақстанда 2 жылда 5 мыңнан астам өтініш түскен
24 Қыркүйек 2021

Соғыс кезінде жоғалған адамдарды іздеу: Қазақстанда 2 жылда 5 мыңнан астам өтініш түскен

Көшерге арнап әндерін...
24 Қыркүйек 2021

Көшерге арнап әндерін...

Айналаң күл-қоқысқа айналса...
24 Қыркүйек 2021

Айналаң күл-қоқысқа айналса...

Орынбек олжалы оралды
24 Қыркүйек 2021

Орынбек олжалы оралды

Соңғы жаңалықтар
24 Қыркүйек
Бәйтеректе такси бағасы арзандады

Өткен апта соңында бірден 30 теңгеге қымбаттаған жанар-жағар май Переметный-Орал бағытында жүретін такси бағасының 500 теңгеден 700 теңгеге өсуіне әкеп соқты. Бұл жайт жол жүрген жұртқа жаға қоймады.

kisspng-taxi-clip-art-png-taxi-logo-5b5e9dbe7fe343.0721865115329274225238

Сәуірдің тоғызы күні аудан әкімінің орынбасары М.Залмұқанов, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Д.Кушубаев, қоғамдық кеңес төрағасы М.Өтешев, аудандық мәслихат депутаттары В.Старобудец, В.Герасимов және Ә.Неталиева такси жүргізушілерімен кездесті.

Кездесу барысында бір ғана мәселе көтерілді. Ол такси бағасын түсіру. Қызу талқылау соңында жүргізушілерге жолаушылар мен жүк тасымалдаудан түсетін кірістер мен шығыстары туралы есеп ұсынылды. Қорытындысында Переметный-Орал бағыты бойынша жүретін такси құны 700 теңгеден 600 теңгеге түсті.

ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары» туралы №349 бұйрығы негізінде такси қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлерге қолданыстағы заңнамаға сәйкес көлік құралдарын жабдықтау және ресімдеу және жолаушыларды отырғызу мен түсіру аялдама пунктін тиісті жағдайда ұстау керектігі де түсіндірілі.

Жиын соңында кәсіпкерлер аялдама жанын тазалықта ұстайтындығын және де негізсіз баға өсірмейтіндігін айтты.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress