24.05.2021, 12:41
Оқылды: 94

Бәйтеректе волейболдан жолдастық кездесу өтті

Бәйтерек ауданына қарасты Погодаев ауылындағы мәдени-спорттық кешенінде ауданның үздік волейбол командалары жиналып, жолдастық кездесу өткізді.

 IMG-20210523-WA0036

Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, волейбол ойынына деген қызығушылықты арттыру мақсатында өткен кездесуге Переметный, Янайкин, Краснов ауылдық округтері мен Асан елді мекенінің командалары қатысты.

Жолдастық кездесу қорытындысында барлық ұжымды тізе бүктірген янайкиндіктер мықтылық танытса, Асан ауылының волейболшылары ІІ, красновтық ойыншылар ІІІ орынды иеленді.

IMG-20210523-WA0038

Командасын алға сүйреп, үздік ойын өрнегін көрсеткен М.Мақсұтов «Үздік тосқауыл қоюшы», Р.Төлеуов «Үздік байланыстырушы», А.Шиналиев «Үздік шабуылшы» атанса, С.Гришин «Үздік ойыншы» атағын иеленді.

Спортшылардың бабын жоғалтпай, ауылдар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында бұндай жолдастық ойындар жиі өтіп тұратын болады.

 

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале