30.09.2023, 23:15
Оқылды: 43

Бәйтеректе жаңа спорт алаңы ашылды

Трекин округі, Володар ауылында жаңа спорт алаңы пайдалануға берілді. Аудандық мәслихат депутаттарының ұсынысы, аудан әкімдігінің қолдауымен бой көтерген нысан ауыл балалары үшін шағын футбол және баскетбол ойнауға арналған. Бұқаралық спортты дамыту, ауыл балаларын салауаттылыққа баулу мақсатында Бәйтерек ауданы бойынша елді мекендерде осындай ойын мен спорт алаңдары салынуда. 

FB_IMG_1696090504852

Нысанның ашылу салтанатында аудандық мәслихат төрағасы Нұрлыбек Хайруллин, облыстық мәслихат депутаты Есен Сүндетов, аудандық мәслихат депутаты Армат Бисенов, аудандық мәдениет, тілдер және дене шынықтыру мен спорт бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр балалардың қуанышымен бөлісіп, спорт додаларында көк байрағымызды биіктен желбіретер ұландарға сәттілік тіледі. Володар ауылын көркейту бағытында қолға алынған жоспармен бөлісті.

Айта кетейік, биыл Володар ауылына кіреберіс жол құрылысы басталса, келер жылы жаңа мектеп бой көтермек. Ауыл клубын күрделі жөндеудің құжаттамалары дайын. Іс-шарада Володар ауылының қоғамдық жұмыстарына белсенді атсалысып жүрген азамат, І топ мүгедегі Ардақ Төлеуовке мәслихат депутаттары су жаңа электромопед сыйға тартты. Ардақтың ауыл ішінде еркін жүріп-тұруына қолғабыс еткен депутаттар өзге де мұқтаж жандарға зор көмек көрсетуде.

Ашылу салтанатынан соң аудандық "Бәйтерек" спорт клубының жоспарына сай алаңның ашылу құрметіне жасөспірімдер арасында "Володар - CUP" шағын футболдан турнир өтті.

FB_IMG_1696090510720

Ойын қорытындысында ІІІ орынды Володар мектебі, ІІ орынды Трекин мектебі, І орынды Қадір Мырза Әли атындағы мектеп командасы жеңіп алды. Сондай-ақ "Үздік қақпашы" Максим Тимофейге, "Үздік шабуылшы" Табылды Дарханға, "Үздік қорғаушы" Соловьев Максимге, "Үздік ойыншы" Елеусін Алдиярға бұйырды.

Нұрсәуле Жәнібекқызы,

Жаңақала ауданы 

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале