14.10.2021, 16:20
Оқылды: 77

Бәйтеректе жаңа спорт алаңы ашылды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған «Туған жер» кіші бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Бәйтерек ауданында көптеген нысандар бой көтеруде. Солардың бірі – Железнов ауылдық округі орталығында ашылған заманауи, көпфункционалды спорт алаңы.

EF2A2B50-CD55-4865-B10B-2A2044DA0E18

Бүтін бір ауылды қуанышқа бөлеген жаңа нысанның ашылуына аудан әкімі Марат Тоқжанов, ауыл тұрғындары мен спорт ардагерлері және жастар қатысты.

8FA23951-E749-46BE-947C-88CC1AD61CF4

Мемлекеттік «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырыла ашылған алаңның лентасын аудан әкімі Марат Тоқжанов пен Бәйтерек ауданының құрметті азаматы, меценат, «Киргенев» шаруа қожалығының негізін қалаушы Есенгелді Киргенев қиды.

F0C95312-E201-4063-8EBF-4F95D4A3BB78

-Өткен жылы Железнов ауылын аудан орталығымен қосатын жол құрылысы аяқталды. Биыл жергілікті кәсіпкер, меценат, «Киргенев» шаруа қожалығының басшысы Қайыржан Есенгелдіұлының қолдауымен ауылішілік жолдардың жобалық-сметалық құжаттамасы  жасақталып, округ орталығының басты көшелеріне асфальт төселді. Бұл да ел билігінің шалғайдағы ағайынға деген қамқорлығы. Елбасы да, мемлекет басшысы да халықтың денсаулығын жақсартуға айрықша назар аударады.

2805C877-BAA1-4518-B350-DA6902F5AA88

Әсіресе бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Әр жастағы ел азаматы спортпен айналысуға мүмкіндік алуы керек. Сол үшін де аудан басшылығы спорт инфрақұрылымын дамытып, жас жеткіншектерімізге қажетті спорт нысандарын салуды басты назарда ұстайды. Жаңа алаңнан ел туын көкке желбіретіп, абыройымызды асқақтатар спортшылар шыға берсін,-деді железновтықтардың қуанышын бөліскен аудан басшысы Марат Тоқжанов.

Одан соң аудан әкімі ауыл балаларына арналған доптарды тарту етті.

Кейін ауыл ақсақалы Есенгелді Кигенев сөз алып, жаңа спорт алаңынын ашылуы ауыл үшін айтулы оқиға екенін айтып, көпшілікті спортпен шұғылдануға шақырды. Сонымен қатар ел қуанышын жеткізген спорт ардагерлері Болат Мусалимов пен Қатира Байболова тамаша спорт нысанын тұрғызған ауыл, аудан әкімдігіне ризашылығын білдіріп, жастарды спорт нысанын күтіп ұстауға шақырды.

Салтанатты жиын соңы Железнов және Новенький ауылдар командаларының футболдан жолдастық кездесуіне ұласты.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале