27.12.2023, 0:00
Оқылды: 9

Бәйтеректе жаңадан ашылған бірлестік өз жұмысын бастады

Бәйтерек ауданына қарасты Переметный ауылында «Әкелер одағы» РҚБ-ның БҚО өкілдігі мен «Сенімді болашақ» аудандық мүгедектігі бар адамдар ұйымы қоныстанған орталық ашылды.

IMG-20231226-WA0089

Іс-шара барысында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев мемлекет тарапынан мүгедектігі бар адамдарды қорғау және қолдау бағыттында көп игі іс атқарылып жатқанын атап өтті. Құрылғанына көп уақыт бола қоймаған «Сенімді болашақ» ұйымы енді бәйтеректік мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытында бұрынғыдан өнімді еңбек етеріне үміт зор.

IMG-20231226-WA0091

- Біз баламызға жақсы киім кигізгенді, жақсы көлік алып бергенді, оның жақсы оқу орында оқығанын қалаймыз. Ал ертең есейген соң олардың ұлтқа қызмет қылуына мән беріп жүрмегеніміз аян. Әр ұлттың өз көшбасышылары, элитасы болатыны белгілі. Сөздің шыны керек, біз әлі де өз ұлтымыздың элитасын қалыптастыра алмай жатырмыз. Осы бағытта әкелер одағының атқарар жұмысы аз емес. Мына ғимарат сондай игілікті істерді жүзеге асыратын орын болатыны анық. Сонымен қатар мұнда Чернобыль, тәжік-ауған соғыстарының ардагердері секілді ұйымдар өкілдері де басқосады деп ойлаймыз, - деді Ерлан Ерсайынұлы.

IMG-20231226-WA0095

Депутаттық корпус атынан құттықтаған аудандық мәслихат төрағасы Нұрлыбек Хайруллин мен аудандық мәслихат аппаратының басшысы Тілекбай Төлепқалиев естелік сыйлықтар тарту етті.

Ашылу салтанатына қатысқан қоғамдық ұйым, бизнес қауымдастық, жергілікті атқарушы құрылымдар өкілдері бұған дейін тұрақты отыратын жері болмаған аталмыш ұйымдардың жаңа қонысы олардың қызметіне тың серпін беретініне сенім білдірді.

IMG-20231226-WA0092

Іс-шара соңында «Әкелер одағы» РҚБ-ның БҚО өкілдігінің жетекшісі Мырзағали Дүйсембиев пен «Сенімді болашақ» аудандық мүгедектігі бар адамдар ұйымының төрағасы Арман Айтбаев жиналғандарға алғыстарын айтып, алдағы жұмыстарының бағыттарын баяндап, көпшілікпен етене байланыста болатындарын жеткізді.

Серік Маратұлы, 

Бәйтерек ауданы 

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале