3.01.2024, 20:30
Оқылды: 9

Бәйтеректе жаңадан сайланған құрам отырысы өтті

Бүгін Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жаңадан сайланған құрамының бірінші отырысы өтті.

IMG-20240103-WA0063

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділ Жоламановтың төрағалығымен "Zoom" платформасы арқылы өткен алғашқы ұйымдастыру отырысында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, төрағасының орынбасары және хатшысы сайланды. Комиссия мүшесі Нұржан Дүзбатыр комиссия төрағалығына Радик Ихласовтың кандидатурасын ұсынды.

- Радик Мақсотұлы Бәйтерек ауданында жиырма жылдан астам уақыттан бері әртүрлі салада қызмет атқарып келді. Ол соңғы өткен ҚР Президенті сайлауы, республикалық референдум, ҚР Парламенті Мәжілісі мен түрлі деңгейдегі мәслихаттары депутаттары сайлауы және аудан бойынша 16 ауылдық округ әкімінің сайлауларында осы лауазымда іскерлік, ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түсті, - дей келе әлі де төрағалық қызметін жалғастыруға мүмкіндік берілуін алға тартты.

IMG-20240103-WA0064

Өз кезегінде комиссия мүшелері ұсынысты бірауыздан қолдап, дауыс берді. Сонымен қатар, отырыста төраға орынбасары болып Бекет Нығметов, Гүлдана Ғұбашева сайланды.

Отырыс соңында облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ә.Жоламанов жаңадан сайланған құрамның жұмысына сәттілік тіледі.

Қуаныш Қали,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале