2.03.2023, 12:00
Оқылды: 33

Бәйтеректе жас әнші Мейірбек Жанболатұлының шығармашылық кеші өтті

Бәйтерек ауданында жас әнші Мейірбек Жанболатұлының «Қызғанамын» атты шығармашылық кеші өтті.

DDB85C0F-0B6E-4493-9187-C1E185003186

Концертте халықтық «Скифы» ансаблінің сүйемелдеуімен «Қазағым-ай», «Өмір жолы», «Ана-әке» авторлықтық әндер орындалды. Кешке әншінің Кенесары Болғанбаев, Бағдәулет Үзақбай, DOHA, ASL&KESHA&MIKO, Махаббат Абат сынды өнердегі де, өмірдегі де достары келді. Олармен қосылып орындаған әндер кеш шырайын аша түсті.

203ADCF8-F738-437E-AD8B-3465C67966A5

– Мейірбек сынды жастарымыз маңдай терін төгіп, ауданымыздың мәдениетін көтеріп, халыққа қызмет етулері үшін біз барлық жағдайды жасауға әзірміз. Ән жазуда қаламың мұқалмасын дейміз. Тіл-көзден аман-болып, биіктен көріне берсін», - деп іс-шара соңында сөз саптаған аудан әкімі аппаратының басшысы Нұржан Дүзбатыр жас әншінің ата-анасын да құрмет көрсетті.

45144082-429C-46C6-9C97-360E9D00BCA7

B20C1C9E-E1CE-4D42-A1C5-FFEFDA36B63B
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале