10.02.2021, 21:19
Оқылды: 61

Бәйтеректе жастарға арналған жобалар жүйелі жүзеге асуда

Аудан әкімінің баяндамасында жастар саясатына үлкен мән беретіндігі байқалды. Барлық тұрғындардың 21%-ын құрайтын жастар мәселесімен Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық айналысады.

31a804db0770e067f1a384f957380d48_original.27127

Өткен жылы аудан жастары желілік шаралардың медиа жоспарына сәйкес 225 іс-шара өткізген.

- Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша ауданда акция, форум, кездесулер, танымдық және спорттық шаралар ұйымдастырылды.

Әлеуметтік акциялар бойынша «Ардагерлерді ардақтайық!» және «100 нақты көмек» жобасы жүзеге асырылды. «Жастарға жұмыс» оқу-семинарлары өтіп, белсенді жастармен бірге neet санатындағы жастар да қатысты. Жастарды жұмыспен қамтуға арналған «Жастар тәжірибесі», «Дипломмен ауылға» жобасы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ресурстық орталық арқылы тұрақты жұмысқа 103, «Жастар тәжірбиесі» арқылы 133 жас жұмысқа орналасты, - деді М.Тоқжанов.

Бұдан бөлек ресурстық орталық «Дипломмен - ауылға», «Жастар практикасы» мемлекеттік жобаларын және «Студенттік құрылыс жасағы», «Жасыл Ел», «Жас бизнес», «Live Dialogue» жобаларын жүйелі ұйымдастырады.

Төтенше жағдай кезінде «Біз біргеміз!» акциясы аясында аудан бойынша 85652 маска таратылып, акцияға 1504 волонтер атсалысқан. Шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер, еріктілердің демеушілігімен 862 отбасыға көмек көрсетілген.

Аудан әкімі өз сөзінде Дариян ауылынан 2 екі қабатты 12 пәтерлі тұрғын үйдің, Янайкин, Январцев, Щапов ауылдық округі Жаңатаң ауылдарына тартылар су құбыры құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы дайын екенін де атап өтті.

Сонымен қатар Махамбет, Дариян, Рубежин ауылдарының су құбырлары құрылысын қайта жүргізуге қажетті жобалық-сметалық құжаттама жасақталып жатқанын, Мичурин округі Жамбыл ауылындағы 308 орындық мектеп құрылысы бойынша сараптаманың оң қорытындысымен жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталғанын, Махамбет, Егіндібұлақ ауылдық клуб ғимаратын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттамасын дайындап, экспертиз алынғанын да атап өтті.

- Жыл басында барлық 22 округтің халқымен кездесіп, есеп бердім. Тұрғындар ауылішілік және кіреберіс жолдардың жөнделуі, әлеуметтік нысандар салу және күрделі жөндеу, мобильді байланыс нашарлығы, су тарту, газ өткізу, электр желілері мен бағандарының тозғандығы, көшелерді жарықтандыру сияқты әлеуметтік маңызды мәселелер көтерді. Ол мәселелер тікелей бақылауда. Биыл ауылішілік және кіреберіс жолдарды жөндеу үшін жергілікті демеушілердің көмегімен 50 млн. теңгеге бірқатар жобалық-сметалық құжаттар дайындалды. Сол істі бір жақты етуге дайын қашан да халық алғысына бөленіп жүрген Абай Жанғалиев, Бейбіт Асанов, Қайыржан Киргенев, Мұрат Жәкібаев, Лема Гурсаев, Нұрлыбек Хайруллин, Алмат Ғалымов, Рахым Баянов сынды азаматтарға халықтың атынан алғысымды білдіремін, - деді сөз соңында аудан басшысы Марат Тоқжанов.

Кездесу соңында облыс әкімі Ғали Есқалиев ауданда атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, аудан кәсіпкерлерінің жұмысына да көңілі толатынын білдірді.

- Қазіргі таңдағы басты мәселелердің бірі инвестиция тарту. Ауданға 30 миллиардтан астам қаржы құйылған болса, соның 21 миллиардтан астам соммасын кәсіпкерлер салған. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Соның арқасында ауданда 30 жаңа бизнес обьектілері іске қосылды. Биылдың өзінде ауданда құны 160 миллиард теңге боатын 11 жаңа жоба қолға алынған. Сонымен қатар осы кезге дейін тұралап қалған қазір «Янайкино» аталатын мал бордақылау нысанына қаржы құйылған. Соның жұмысын басты назарға алуды тапсырамын. Сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуға көңіл бөлген дұрыс. Ауыл шаруашылығын дамытуға да көп көңіл бөлуді тапсырамын - деді Ғ.Есқалиев.

Сондай-ақ облыс әкімі сүт өндіру бағытындағы ауданның потенциалы толық пайдаланылмай отырғанын және жерді тиімді, су қоймаларын дұрыс пайдалану, күре жол инфрақұрылымын жақсарту және шағын ауылдарды дамытудың жоспарын құру керектігіне де ерекше тоқталды.

- Бәйтерек ауданының ауылдары магистралды жолдардың бойында орналасқан. Сондықтан жол бойы сервисі мен тас жолды бойлай қонған ауылдарды тұрғындармен толтыру ісі де күн тәртібінде болуы керек, - деді облыс әкімі.

Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале