13.07.2021, 16:27
Оқылды: 69

Бәйтеректе «Жасыл ел» еңбек жасағы екінші маусымын бастады

Шілде айында Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық округінде «Жасыл ел» еңбек жасағы екінші маусымын бастады. Он жауынгерден құралған топ ауыл орталығындағы батырларға арналған ескерткіштің жанына отырғызылған гүл айналасындағы арам шөптерді жұлып, уақтылы суарып тұрады.

48A81F5E-92C1-462A-9845-A95949759747

Округ әкімі Тілек Кәкеновтің айтуынша, жұмысқа тартылған жастар әр ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайды екен. Бүгінде олар тек ескерткіш маңын тазалап қана қоймай, дауыл әсерінен құлаған көше бойындағы ағаштарды жинап, ауыл ішін абаттандыруға көп үлес қосуда.

E99E807F-EC5A-4435-8295-A77FA2025AE5

-Алдағы уақытта «Таза жағалау», «Ардагерлерді ардақтайық» акцияларына белсене қатысып, қайырымдылық жасауды да жоспарлап қойды. Жауынгерлердің бәрі еңбекқор, жұмысқа деген құлшыныстары жоғары. Санитарлық нормаларды естен шығармай, волонтерлікпен айналысады. Еңбекқор жастар игі істерімен ауыл тұрғындарына үлгі бола алды,- дейді ауыл әкімі Тілек Кәкенов.

 Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале