6.05.2021, 17:00
Оқылды: 73

 Бәйтеректе Жеңісті жақындатқан жандарға құрмет көрсетілді

Жеңіс күні – бейбітшілікті сүйетін бүкіл адамзаттың қасиетті де қастерлі мерекесі. Ұрпағына үлкен мереке сыйлаған майдангерлеріміз бен соғыс кезінде еселі еңбек еткен тыл ардагерлері қашан да ерекше құрметке лайық. Соғыс жылдары ел үшін от кешкен ерлер мен Отан үшін, жеңіс үшін, майдан үшін еңбек еткен жандарға құрмет көрсету - баршамызға міндет.

E9AD6618-344D-4225-ADCA-614E314FD675

Бәйтерек ауданына қарасты Сұлукөл ауылында 9 тыл ардагері тұрады. Мереке қарсаңында бейбіт өмірге сүбелі үлес қосқан еңбеккерлерге арнайы барған ауыл әкімдігі мен клуб қызметкерлері және «Алтын бидай» шаруа қожалығының басшысы Бекболат Мұқашев оларға сый-сияпат жасап, құрмет көрсетті.

D9E544A7-26A6-41C3-985A-5DC2374229D6

Жеңісті жақындатқан қариялар мен кейуаналар еңбегін бағалайтын, өмірін өнегеге балайтын ұрпақ барда ұмытылмайды. Туған өлке ардагерлерінің ісі ұрпаққа үлгі. Жеңіс күнінің қадірі адамзат үшін қымбат. Елімізде бейбіт күн болсын!

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале