20.12.2020, 16:51
Оқылды: 129

Бәйтеректе «Жылы жүрек – жомарт қол» акциясы өтті

Бәйтерек ауданы Макаров ауылдық округінің жастары «Birgemiz: Qamqor» жалпы ұлттық жобасын іске асыру мақсатында «Жылы жүрек – жомарт қол» акциясын ұйымдастырды.

жүрек1

Зейнет жасындағы ауыл азаматтары мен қоғамдық жұмысқа тартылған ауыл тұрғындарының басын қосып, оларға қолдау білдірген жастардың бастамасына көпшілік разы болды.

Акция ұйымдастыруға атсалысқан ауыл жастарының жетекшісі Маржан Айтуарованың сөзінше, шараның басты мақсаты – үйде отырған азаматтар мен күннің суығына да, ыстығына да қарамай, ауыл тазалығын сақтауға үлес қосып жүрген адамдарға қамқорлық көрсету.

- «Жылы жүрек – жомарт қол» акциясын ұйымдастыратынымызды айтқанда ауыл жастары мен әкімдік қызметкерлері бірден қолдауын білдірді. Аздаған ақша жинап, өткен және келе жатқан мерекелер құрметіне жұмысшыларға деп дастархан жайдық. Мұндай құрмет күтпеген олар шара соңында ризашылығын білдірді. Акциямыз өз мақсатына жеткені қуантты, -дейді М.Айтуаррова.

Алдағы уақытта ауыл жастары мұндай шараларды жиі өткізбек ниетте.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале