17.09.2021, 11:06
Оқылды: 65

Бәйтеректегі боз кілем бәсекесі

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған спорттық шаралар легі әлі де жаласуда. Жуырда Бәйтерек ауданы орталығында қазақ күресінен аудан спартакиадасының финалдық кезеңі өтті. Он округтен келген жүзге жуық палуан бақ сынаған боз кілем бәсекелері Нұрлыбек Хайруллин басшылық ететін аудандық қазақ күресі федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды.

IMG_8395

- Алдағы басты мақсатымыздың бірі – ұлттық спортты дамыту. Ал қазақ күресі ұлттық спорттың биік шыңы. Жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін. Бағы мен бабы келіскен спортшы жеңіске жетсін! Осы күні ауданда ұлттық спортты дамытуда үлкен жұмыстар атқарылуда. Биыл қазақ күресі федерациясын құрдық. Алдағы уақытта талантты жастар мен білікті бапкерлерді іріктейтін боламыз, - деді жарысты тамашлауға арнайы келген аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев.

IMG_8417

Тартысты боз кілем шеберлерінің сайысына самбо күресінен КСРО спорт шебері, дзюде күресінен халықаралық дәрежедегі төреші, «Ерен еңбегі» үшін медалінің иегері Қайыржан Баймағамбетов төрелік етті.

IMG_8491 (1)

Сегіз салмақ дәрежесі бойынша кіім мықтыны анықтаған жарыс қорытындысында ең жеңіл 55 келі салмақ дәрежесінде Ж.Исмагулов, 60 келіде К.Әбдір, 66 келіде О.Жаңгерей, 74 келіде А.Әжіғалиев, 82 келіде С.Садық, 90 келіде Р.Ескендіров, 100 келіде М.Кенжеғалиев жеңіске жетсе, түйе палуандар арасында С.Құспанов жеңіс тойын тойлады.

IMG_8451

Жарыс соңында аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Ғұмарұлы бастөреші қызметін атқарған Қайыржан Баймағамбетовке алғысын білдіріп, естелік сыйлық тарту етті.

 

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале