14.05.2021, 18:10
Оқылды: 65

Бәйтеректегі «Достық» шаруа қожалығының жұмысы ширақ

          Раздольное ауылындағы Владимир Щевчук басқаратын «Достық» – аудандағы іргелі шаруа қожалықтардың бірі. Ауылдың біраз тұрғынын жұмыспен қамтып отырған шаруашылықтың техникасы науқанға сақадай сай. Биыл қарамағындағы 3123 гектардың 1212-сіне күздік бидай еккен болса, 700 гектарына жаздық бидай сепкен. Одан бөлек 900 гектар жерге күнбағыс, 100 гектарға арпа салған. Одан бөлек 1200 гектар жер – парда.

 шевч

Қожалық жұмысымен танысқан аудан басшысы Марат Лұқпанұлы күздік бидай алқабында болып, екпе шөптің де шығымы жайында сұрап білді. Сондай-ақ егілген арпа алқабының да шығымын бағамдап, мал азығына егу ісін қолға алғандығына да оң бағасын берді.

- Егу жұмыстары аяқталды, жердің ылғалдылығы да көңілден шығады. Жерді жыртып, ылғал сақтау жұмыстары да ойдағыдай аяқталды. Жұмыста ешқандай қиындық жоқ. Тек ауылға жол мен сапалы байланыс орнатылса, -дейді қожалық бригадирі Александр Малкин.

шевчук

- Биыл қыс қарлы болды. Соның арқасында біраз округ су жинап алды. Егін еккен шаруалар да жердің ылғалы жақсы екенін айтуда. Биыл Шалғай ауылдық округіндегі ескі тоғанды қалпына келтірдік. Диқандар жиналған суды тиімді пайдалануы керек. Ауылдардағы суарылмалы алқаптардың көлемін артыру керек, - деді аудан басшысы.

 

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале