9.06.2021, 15:22
Оқылды: 62

Бәйтеректегі мектеп ұжымы басылымдарға онлайн түрде жазылды

Баспасөзге жазылу науқаны басталғалы бері Бәйтерек ауданындағы мекеме қызметкерлері редакцияға келіп, төл басылымға жазылуда. Облыстық «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттерін жаздырушылар да «Ауыл тынысы» газеті редакциясынан табылуда.

 зеленый (1)

Қазіргі заман технологияларын тамаша пайдалана білген оқырмандар газетке онлайн жазылуға болатын мүмкіндікті де мүлт жібермеді. Онлайн түрде жазылып, газет алушылар арасында бір кездері Бәйтерек ауданында тұрған, қазір түрлі себептермен көршілес Ресей Федерациясына көшіп кеткендер де бар.

Жазғы мектеп, оның үстіне емтихан кезі. Мектеп ұстаздарының да арнайы редакцияға соғып, газет жаздыратын мүмкіндігі бола бермейді. Осындайда онлайн жазылу көмекке келеді.

Жаңа заман мүмкіндіктерін меңгерген Зеленый ауылындағы мектеп ұжымы редакция арқылы аудандық «Ауыл тынысы», облыстық «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттеріне онлайн жазылып шықты.

- Бұрын ұжым болып ауылдағы «Қазпошта» АҚ бөлімшесі арқылы газетке жазылатын едік. Биыл облыстық және аудандық газеттерге онлайн жазылу мүмкіндігі пайда болғаны ұстаздар үшін қолайлы болды. Оның үстіне бағасы да қолжетімді. Бұл «Жайық Пресс» ЖШС ұжымының оқырманға құрметпен қарайтынының көрінісі деп ойлаймын, - дейді Зеленый орта мектебінің директоры Мерхат Есенғалиев.

 

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале