19.02.2021, 12:53
Оқылды: 64

Бәйтеректік Аделя бас жүлдені иеленді

Жуырда оқушылар мен жасөспірімдер арасында «Ақпанда туған алыптар» онлайн өнер байқауының облыстық кезеңі өтті.

 111

Ұлттық өнерді, қолөнерді дамытуды мақсат еткен сайысқа дарияндық Аделя Мұхамбетова да қатысты.

«Көркем еңбек» аталымында бақ сынаған балдырған еңбегі үздік деп танылып, Аделя байқаудың бас жүлдесін иеленді. Енді ол өнер додасының Алматы қаласында өтетін республикалық кезеңінде өнер көрсетпек.

Аделяның ұстазы Эльвира Мұхамбетова да ұйымдастырушылар тарапынан берілген бағалы сыйлықтарға ие болды.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале