25.12.2020, 9:22
Оқылды: 115

Бәйтеректік Асхаттың болашағы жарқын

Төтенше жағдай, күшейтілген карантин режимі – биылғы жылдың басты тақырыптары. Індет кесірінен біраз спорттық бәсекелер тоқтатылды. Көп спортшы дайындық кестесін қайта қарап, өзгертуге мәжбүр болды.

ас

Десе де өзінің талпынысы мен еңбекқорлығының арқасында жақсы нәтиже көрсетіп, ауданның ғана емес, облыс намысын байрақты бәсекеде абыроймен қорғап жүрген спортшы бар. Ол – «Бәйтерек» ШФК ойыншысы Асхат Мәжит.

Клуб құрылған кезден құрамаға енген ойыншы өткен маусымды көңілдегідей аяқтай алмағанмен, биылғы жылы командамен бірге түледі. Маусым басындағы ойындардың бірінде жарақат алып, біразға дейін матчтардан шет қалған Асхат толық емделіп, команда сапына қайта қосылды. Жай ғана қосылған жоқ. Өзінің нағыз бабына енгенін көрсетіп, клуб сапындағы алғашқы голын да соқты.

5b39f2b5-ae08-4bb0-af9d-ccdd8fe26ddf

Спорттық бәсекеге шөлеркеген шағын футбол жанкүйерлері мен мамандары «Мангусттың» (Асхаттың лақап аты) болашағы зор екенін айтуда. Алдағы уақытта жерлесіміздің бұдан да биік белестерді бағындырғанына және ұлттық құрама сапындағы голыменна қуантасын деп тілейміз!

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале