26.04.2021, 10:36
Оқылды: 60

Бәйтеректік бағдарлаушылар олжалы оралды

Орал қаласында «Орал саябақтары» атты саябақтағы спорттық бағдарлаудан қалалық ашық біріншілік өтті. Өңіріміздің үздік бағдарлаушы қыз-жігіттерінің басын қосқан байрақты бәсекеде бәйтеректік спортшылар да бақ сынады.

 ориентир

Екі күнге созылған жарыстың бірінші күні спортшылар орта қашықтықта жарыс жолына шықты. Қорытындысында 12 жасар қыздар арасында Яна Красникова, 14 жасар ұлдар арасында Нұржігіт Гиссадин үшінші орын иеленсе, Алина Лемешева 16 жасар қыздар арасында екінші сатыға жайғасты. Ал 12 жасар ұлдар арасында жарыс жолына шыққан Ернұр Серікқали, 18 жастағылар арасында бақ сынаған Ерасыл Серікұлы және 20 жастағы бағдарлаушылар сынында жарысқан Илья Козловский үштігі алдына жан салмай, жарыс жеңімпазы атанды.

Бәсекенің екінші күні бағдарлаушылар спринт қашықтығының медальдарын сарапқа салды. Бұл жарысқа ересектер арасында шыққан Естай Кеңгесбаев, 14 жасар спортшылар сынындағы Майя Үмбетәлиева мен 12 жастар ұлдар бәсекесінде Наил Сатыбаев үшінші орыннан көрінсе, Ернұр Серікқали екінші, Яна Красникова, Ерасыл Серікұлы және Илья Козловскийлер жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Балаларды аталмыш жарысқа дайындап алып барған Сергей Щербань және Сырым Бекешев сынды бапкерлердің еңбегі орасаң. Қай жарысқа шықса да жүлдесіз қайтпайтын аудан спортшылары бұдан да биік белестерді бағындыруға әзір.

 

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале