25.03.2021, 10:40
Оқылды: 44

Бәйтеректік футболшы құрама жеңісіне үлес қосты

Түркия елінде өтіп жатқан «Antalya Cup-2021» жолдастық турниріндегі жолын футболдан жастар құрамасы жеңіспен бастады. Қайрат Нұрдәулетовтің шәкірттері Солтүстік Македониядан келген құрдастарын 2-1 есебімен қапы қалдырды. Сағи Совет пен Абылайхан Жұмабектің голдарына қарсыластарымыз бір нәтижелі шабуылмен жауап берді.

Screenshot_20210325_095118

Бұл жеңіске бәйтеректік жас талант Бекзат Иманғазиев те өз үлесін қосты. Есеп 2-1 болып тұрғанда алаңға бәйтеректік Бекзат Иманғазиев шықты. Жеңісті есепті ұстап қалуға бар күшін салды. Зеленыйлық өрен бірнеше мәрте қарсыластың айып алаңына әдемі пас шығарып, бір мәрте қақпаға соққы жасады.

- Ел жанкүйерлерін желпіндіріп, ортақ жеңіске өз үлесімді қосқаныма қуаныштымын. Сенім білдірген бапкерлер штабына алғысым шексіз. Алдағы матчтарда да барымызды салатын боламыз, - дейді Б.Иманғазиев.

Бүгінде бәйтеректік футболшы Көкшетаудың «Оқжетпес» футбол клубында доп тебеді. Оның айтуынша, маусым соңына дейін көкшетаулық клуб сапында болады екен.

Айта кетейік, турнирдегі келесі ойынын жастарымыз 26 наурыз күні Болгария жастар құрамасына қарсы өткізеді.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале