7.05.2023, 11:18
Оқылды: 254

Бәйтеректік Герасимов Европа чемпионы атанды

Жеңіс күні қарсаңында каратэден ел құрамасы сапына енген үш бәйтеректік жас өрен Түркиядағы байрақты бәсекеге аттанған еді. Енді, міне, Анталия өңірінен ақжолтай хабар жетті.

WhatsApp Image 2023-05-07 at 08.39.05

6 мамырда Сидэ шаһарында басталған XI WKC Еуропа чемпионатында 15 елден келген спортшылар сынға түсуде. Балалар, кадеттер, мен ересектер арасындағы чемпионатта 33 қазақстандық ел намысын қорғауда. Олардың жетеуі - батысқазақсандықтар.

WhatsApp Image 2023-05-07 at 08.10.26

Бәйтеректіктердің ішінен алғаш болып сынға түскен он жасар переметныйлық Даниил Герасимов иппон және санбон бойынша жеңімпаз атанып, катадан күміс жүлдегер деп танылды. WKC каратэден Бүкіләлемдік конфедерацияның вице-президенті, WKC каратэден ҚР федерациясының президенті, бәйтеректік спортшылардың бапкері Фархат Жалмурзиннің айтуынша, чемпионат жоғары деңгейде өтуде. Қазақстандықтар, соның ішінде батысқазақстандықтар мықты дайындықпен келгендерін дәлелдеуде.  Байрақты бәсекенің алдында жерлестеріміздің дайындалу сәтін ресейдің «РТР» телеарнасы арнайы келіп түсіріп, әлемге паш етті. 10-11 жастағылар арасында додаға түскен Данил Герасимов 4 айқас өткізіп, Әзірбайжан, Ресей, Түркия сынды елдерден келген қарсыластарынан айласын асырған. Бұған дейін ел чемпионы болып келген Данил осылайша әлем чемпионы деген атақ алды.

WhatsApp Image 2023-05-07 at 08.10.26 (1)

Енді жас жерлестеріміздің ішінен әлем кубогінің жеңімпазы, спорт шеберіне үміткер володарлық Регина Тоғаева мен ел чемпионытының күміс жүлдегері, переметныйлық Дамира Нетқалиева да көк байрағымызды желбіретеді деп сенеміз.

WhatsApp Image 2023-05-07 at 09.14.03

 

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале