4.01.2024, 0:00
Оқылды: 40

Бәйтеректік каратэшілер олжалы оралды

Жуырда Тараз қаласында каратэ WKC шотоканнан ашық Азия чемпионаты өтті. 15 елден 500-ден аса спортшы келген сайысқа облысымыздан 70 каратэші барды. Олардың 21-і бәйтеректіктер.

IMG-20240103-WA0033

Бәйтеректік спортшыларда осы бәйгеде озып, алдыңғы қатарлардан көрініс тапты. Каратэден WKC бойынша еліміздегі федерацияның вице-президенті болып табылатын, бәйтеректік балғындарды баптап жүрген Фархат Жалмурзиннің айтуынша, жас жерлестеріміз осы сайысқа бір жыл үздіксіз дайындалған. Сол үміт ақталды. Жарыс қорытындысында қыздар арасында 10-11 жас бойынша Томирис Құрметова кумитэ санбон 40 келі салмақта 3-орын, командалық кумитэде 1-орынға, Жанель Серікқалиева кумите иппон да, кумите санбон да топжарды. Ең олжалы болғаны Ангелина Головатова. Ол 6-7 жастағы қыздар арасында 25 келі салмақта кумитэ иппон, кумитэ санбон, катадан алтыннан алқа тақты. Ал Владислав Качурин болса 26-27 жас аралығындағы ерлер арасында 60 келіде иппон үздік болса, санбон мен командалық кумитэде жүлделі орындарды иеленді.

IMG-20240103-WA0034

Жалпы командалық есепте еліміздің ұлттық құрамасымен ешкім теңесе алған жоқ.

Салтанат Зұлқарнаева, 

Бәйтерек ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале