26.05.2021, 9:11
Оқылды: 34

Бәйтеректік командалар арасында футболдан жолдастық турнир өтті

Бәйтерек ауданына қарасты Чувашка ауылында жастарды спортқа тарту, салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында аудан командалары арасында шағын футболдан жолдастық турнир өтті.

 Футболл

Чувашиндік жастардың бастамасымен ұйымдастырылған доп додасына Дариян, Переметный, Рубежка, Желаев, Трекин, Достық, Новенький, Жалын, Погодаев, алаң иелері Чувашка ауылының және Орал қаласының Qyzmet Ligasy Ycco қатысушылары шақырылды.

Футбол5

Қызықты ойындар қорытындысында Новенький ауылының командасы ІІІ, дарияндықтар ІІ орынға ие болса, Чувашка футболшылары турнир жеңімпазы атанды.

Бәсекеге толы дода соңында үздік өнер көрсеткен Чувашка командасының ойыншысы Мирлан Жауырбек «Үздік қақпашы», Серікқали Шудабай «Үздік қорғаушы», Новенький командасын алға сүйреген Әділет Сабырай «Үздік сұрмерген», Дариян командасының намысын қорғаған Тимур Мухамедияров «Үздік шабуылшы» аталымдарымен марапатталса, Чувашка құрамасының жеңіске жетуіне өз үлесін қосқан Қанат Сапаров турнирдің «Үздік ойыншысы» атанды.

Футболл2

 

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале