23.06.2024, 21:00
Оқылды: 75

Бәйтеректік мемқызметшілерге құрмет көрсетілді

Ел мүддесі бәрінен биік. Бұл – мемлекеттік қызметкерлердің басты ұстанымы. Өткен аптаның жұма күні Бәйтерек ауданы әкімдігінде кәсіби мерекеге орай қызметінде адалдық пен ашықтықты серік еткен мемқызметшілерге құрмет көрсетілді. Сахна төрінен Әнұран әуелеп, салтанатты шара ізгі лебіз бен марапаттау рәсіміне ұласты.

InShot_20240623_224626738

Құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Марат Тоқжанов барша бәйтеректік мемқызметшіге ел мүддесі жолында еңбектену керек деген тілегін жеткізіп, мемлекеттік тілді жетік меңгерудің маңызына тоқталды.

InShot_20240623_224747905

- Адами құндылық – әрқайсымызда болуы тиіс ең маңызды қасиет. Бүгінгі қоғамның сауаты жоғары. Соған сай мемлекеттік қызмет көрсету деңгейі де күрделене түсуде. Әр мемлекеттік қызметкер біліктілігін арттырып, қызметін адал атқарғаны халықтың көз алдында биліктің беделін өсіріп, міндетіне жауаптылығын көрсетеді. Халық – барометр. Сондықтан әр жұмысты сапалы, уақытылы істеп, тапсыру керек. Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханов айтқандай, халыққа, ұлтқа қызмет ету мінезден. Осы мінез сөзінің астарында қаншама мағына жатыр. Жалпы қазақтың әуезді, көркем тілі сөздік қорға бай. Онда 4 млн 800-ге тарта сөз бар екен. Міне, мемлекеттік тілді, ана тілімізді терең меңгеру, сол тілде сөйлеу, сол тілде ойлай, құрметтеу әр қайсымыздың асыл парызымыз! Осыны естен шығармауымыз керек, - деді Марат Лұқпанұлы.

IMG_20240622_180528_714

Салтанатты рәсімде ісінде үздік бірқатар мемлекеттік қызметшілер марапатқа ие болды. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатырға «Қызмет» БҚО мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төс белгісі табысталды.

IMG_20240622_180523_091

Нұрсұлтан Қонашев, Ерлан Тоқсамбаев, Бағдат Халденов, Гүлжиян Жангузина, Галина Кораблеваға осы кәсіподақ төрағасының алғыс хаттары берілді. Мемқызметшілер Балым Коняева, Татьяна Крайнюк, Наталья Токарева, Жәнібек Аманғалиев ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының алғыс хатымен марапатталды. Нұрғали Жолдасқалиев, Гүлнұр Оразова, Владимир Панасенко, Анура Байғалиева, Жадыра Ештайова, Айнұр Омарова, Гүлнұр Майманова «AMANAT» партиясының БҚО филиалының төрағасының алғыс хатын иеленді. Әлия Тілесова, Жанат Алшыноваға БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысының алғысхаты, Айнагүл Сағындықоваға ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы БҚО бойынша филиалы басшысының алғыс хаты табысталды. Ал Аслан Даубаев, Жасұлан Қойшыбаев, Манарбек Жандарбеков, Диана Берекетова, Расул Мусакулов, Иралья Мухина, Айнагүл Сагандыкова, Нұрлан Төлебалиев, Сәлима Дұйсимбеева, Бахтияр Сарбалин, Әйкерім Қожағалиева, Дәурен Сапаш, Ұлданай Сейтқалиева, Роза Любавина, Анна Хан, Жанар Тәженова, Ирина Лесунович, Екатерина Романенко, Рақымжан Абдуллаев, Римма Нигметова, Меңдібике Жамбасарова, Светлана Мановицкая, Арай Кәкәмғалиеваға аудан әкімінің алғыс хаты табысталды.

IMG_20240622_180507_917

Салтанатты рәсім соңында сахна төрінен париоттық әндер шырқалып, көркемөнерпаздар жиылғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Гүлжаз Баделова,

Бәйтерек ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале